Бас жаңалықтар
«Әдеби көшелер» кітап оқуға шақырады
28 Мамыр 2019, 22:07 434

«Әдеби көшелер» кітап оқуға шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбедегі қалалық кітапханалар мен Қ.Жұбанов атындағы университеттің кітапханасы бірлесіп, қаланың 150 жылдық мерейтойы аясында және профессор, түркітанушы, педагог Құдайберген Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ақтөбе қаласының әдеби көшелері» атты көпшілік шара ұйымдастырды. 

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алаңында өткен басқосу облыс орталығындағы көшелерге берілген қазақстандық және жергілікті ақын-жазушылардың есімін анықтауды, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбановтың өмірін, шығармашылық жетістіктерін, жарық көрген еңбектерін насихаттауды мақсат етеді. Сонымен қатар әдебиетті насихаттау арқылы кітап оқуды дамытып, халықты өңірдің жергілікті авторларының туындыларын оқуға шақыруды көздейді. 

Көпшілік жиынға Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, студенттер, кітапханамен серіктес мектеп оқушылары және жақын орналасқан мекеме қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, Ақтөбе қаласы туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ кітап көрмесімен танысты.

Сізден жаңалық