Тау шатқалында адасып кеткендер табылды

25 Мамыр 2020, 13:14
1322
Бөлісу:
Тау шатқалында адасып кеткендер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қызылжар шатқалында адасып кеткен екі саңырауқұлақ терушілерді құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

24 мамырда жасақ кезекші бөліміне Қызылжар шатқалында саңырауқұлақ жинауға кеткен екі ер адам жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Туған-туысқандарының айтуы бойынша, олар 21 мамырда шығып, 22 күні қайтып келуі керек еді. Алайда, белгіленген күні олар үйіне оралмаған. Келесі күні достар келмегеннен кейін, туған-туыстары республикалық жедел-құтқару жасағына көмекке жүгіну туралы шешім қабылдайды.
Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының жедел тобы іздеу иттерімен жұмысқа кірісті. Іздестіру орнына жақын жерде отбасылық ойын сауық орталығының уәкілдері, жедел топ қызметкерлеріне екі жылқы көмекке ұсынды. Жедел топ екіге бөлінді, топтың бір бөлігі жаяу іздестіруге шықты, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру аумағын зерттеуге кірісті. Адасқандардың біреуі бірден табылды, - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, 22 мамыр олар әрі қарай тағы да шатқалға көтеріліп саңырауқұлақ теруді шешкен екен және барлық құрал-жабдықтарын құрған лагерлеріне қалдырып, аздаған жабдықтар жиынтығымен жолға шыққан. Уақытты дұрыс есептей алмағандығына байланысты, екеуі мәжбүрлі түрде, қажетті заттарсыз, шатқалдың жоғары жағына түнеуге тоқтаған. 

Aйта кету керек, ауданда ұялы байланыс болмаған, сондықтан олардың туыстарын ескерту мүмкіндігі де болмады. Құтқарушылармен алғаш табылған ер адамдардың бірі артта қалып қойған екен. Екінші адамның болжамды орны туралы ақпарат жоқ. Жолаушының денсаулығына еш қауіп жоқ. Біраз уақыттан кейін республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы қырғыз шекарасына қарай кетіп қалған екінші ер адамды байқады. Ол өзінің қалып қойып, адасып кеткен досын іздеуге кіріскен. РЖҚЖ құтқарушылары ер адамды бірінші зардап шегушіге жеткізді. Екі ер адам медициналық көмекке мұқтаж емес.


Өзгелердің жаңалығы