Алматылық құтқарушылар адасып кеткен малшыны аман алып қалды

15 Желтоқсан 2019, 14:49
6849
Бөлісу:
Алматылық құтқарушылар адасып кеткен малшыны аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малшымен қоса, оның жоғалып кеткен малы 2,5 сағаттан кейін табылды.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

14 желтоқсанда сағат 18.40 шамасында Алматы облысы ТЖД бөліміне Сарқанд ауданында Лепсі ауылының шет жағында ауа райының қолайсыз болуына және қалың тұман басуына орай 1960 жылғы ер адамның мал бағып жүріп адасып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті, - делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 11 адам және 3 бірлік техника, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан оншақты адам жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары барысында жедел қабылданған шаралар барысында қалың тұманға қарамастан қызметтік көліктегі GPS навигаторлардың көмегімен адасып кеткен малшы 2 сағаттан кейін аман есен табылды. Артынша, 20 минуттан кейін оның малы да табылды.

 

Өзгелердің жаңалығы