Адамзат 2030 жылға дейін таза қоршаған ортаға қол жеткізуі тиіс – БҰҰ өкілі

28 Қазан 2021, 15:39
99067
Бөлісу:
Адамзат 2030 жылға дейін таза қоршаған ортаға қол жеткізуі тиіс – БҰҰ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҰҰ, Ұлыбритания және Италия елшілігі еліміздің жастарымен өткен кездесу барысында Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори хабарлады. Сондай-ақ ол 2030 жылға дейін адамзаттың алдында тұрған міндеттерді алға тартты.

Біз барлық елден ұлттық анықталған жарналар мен ішкі саясатты барынша жиі және ұжымдық түрде дұрыс жолға түскенше кідіріссіз жетілдіруін сұраймыз. Сенімді қалпына келтіру, әрекетті жандандыру және Париж келісімі рухын жаңғырту үшін бізге, әсіресе, жастар атынан көбірек талпыныс қажет. Адамзат 2030 жылға дейін таза қоршаған ортаға, қуат көздеріне, жауапты өндіріске қол жеткізуіміз қажет, - деді Микаэла Фриберг-Стори.

Сондай-ақ ол биоалуантүрлілік пен экожүйенің бүтіндігінен қол үзіп қалғанымыз тұрақты даму мақсатының көрсеткіштеріне 80%-ға дейін қол жеткізуге тырысқандығымызға кедергі келтіреді деп отыр.

Бұл қол жеткізетін үдеріс туралы есебімізді одан сайын қиындата түсері анық. «Ғаламдық үш дағдарыс» - климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің жоғалуы мен ластану бір-бірін күшейтіп, қоршаған орта мен денсаулығымызға қосымша зиян келтіреді. «Үш еселік дағдарыс» деп аталатын бұл құбылысқа жауап ретінде әрекет ету БҰҰ-ның алдағы 5 жылға негізгі стратегиясына айналуы тиіс, - деп атап өтті еліміздегі БҰҰ тұрақты үйлестірушісі.

Айта кететін жайт, жиын Глазго қаласында өтетін COP26 Климаттық конференциясы қарсаңында студенттер арасында пікірталас ұйымдастырған болатын. Осылайша, климаттың өзгеруі мәселесін алға тарта отырып, жастарды климаттық шешімдерді табу жолында ынталандыруды мақсат тұтқан. Пікірталасқа қатысқан жас делегаттар үш тақырыптық бағыт бойынша тәжірибелік ұсыныстарын таныстырды. Олар климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілікті сақтау және қалдықтарды қайта өңдеу туралы ойларын ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы