Бас жаңалықтар
Адамдарды маскасыз кіргізген сауда орындарына 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады
25 Мамыр 2020, 17:15 120

Адамдарды маскасыз кіргізген сауда орындарына 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласында қазір инфекция жұқтырғандар саны 2 201 адамға жеткен. Инфекция жұқтырғандардың 84% науқастармен байланыста болғандар. Жазылып шыққандардың саны 1 319 адам. 
Өткен күні қалада 37 жаңа жағдай тіркелген. Күнделікті өсу көрсеткіші 1,7%. Қаладағы жағдай бақылауда, ол үшін үлкен жұмыс атқарылуда. Бүгіннен бастап көптеген сауда және қоғамдық тамақтану орындары ашылды, сондықтан бақылау жұмыстары күшейтілді, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол қалада вирус анықталғандардың 77%-ында ауру белгісі білінбеген. Яғни, жөтел, ентігу сияқты белгілерінен бөлек дене қызуы көтерілмеген. Бұл аурудың жеңіл өтуіне жағдай жасайтын көрінеді. Осыған байланысты қаладағы шектеу шаралары да жеңілдетілген. Дегенмен, халықтың сауда және қоғамдық орындарда маска тағуын талап етіліп отыр. 
Егер жабық ғимаратта азаматтар маска тақпаса ол әкімшілік жауапқа тартылады. Адамдарды маскасыз кіргізген нысан иесіне 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Шағын бизнес үшін айыппұл көлемі 100 АЕК - 277 мың теңге шамасында, ал орта бизнес үшін 200 АЕК көлемінде, ірі бизнес өкілдеріне 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл 1 млн 389 мың теңге. Міне, карантиндік жағдайдың негізін сақтау үшін осындай қатаң шараларға барып отырмыз, - деді Бекшин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...