Адам өлтіріп, іздеуде жүрген қашқын ұсталды

25 Маусым 2020, 18:01
2935
Бөлісу:
Адам өлтіріп, іздеуде жүрген қашқын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының жедел уәкілдері кісі өлтіргені үшін бес жылдан астам уақыт тергеуден жасырынып жүрген қашқынды қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz. 

Оны Қарағанды облысынан ұстады. 

2015 жылдың наурыз айында Қараой ауылдық округінің ауруханасынан Балқаш АПБ-нің кезекші бөліміне 44 жастағы Қараой ауылы тұрғынының бірнеше дене жарақатымен жеткізілгені және оның өлімі туралы ақпарат келіп түскен. Аталған дерек ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркелді. Қайтыс болған адамның өз үйінен ауруханаға жеткізілгені анықталды. Оның баспанасындағы жағдай мұнда алкогольдік ішімдігі бар мереке болғандығын куәландырған. 

Тергеу барысында жедел уәкілдер қайтыс болған адамның қонағы, 44 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. 

Кейіннен оның жауапкершіліктен қашып, жалған жауап бергені белгілі болды. Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізгенше, күдікті ізін суытып үлгерген. Бірқатар сараптама жүргізілгеннен және қашқынға қатысты негізді дәлелдерден кейін сот күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын анықтаған. Сол жылдың  7 маусымында күдіктіге іздеу жарияланды. Бес жылдан астам уақыт бойы ол тергеуден мұқият жасырынған. Міне, 2020 жылдың 23 маусымында жедел ақпарат алып, Қарағанды облысына жеткен Алматы облысының полицейлері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан іздеуде жүрген адамды ұстады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы