Бас жаңалықтар
Adaldyqalany өкілдері елордадағы спорт мекемелері басшыларымен кездесті
22 Қыркүйек 2020, 12:25 137

Adaldyqalany өкілдері елордадағы спорт мекемелері басшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболаттың төрағалығымен Adaldyqalany жобалық кеңсесінің  жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы спорт саласындағы министрлікке бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен онлайн кездесу өтті. 

Жауапты хатшы өз сөзінде Adaldyqalany жобалық кеңсесінің жетекшілігімен министрлікке бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.  

Мәселен, министрлік басшылығы жəне агенттіктің жауапты қызметкерлері бағынысты мекемелердің басшылары, мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар, қаржы бөлімінің мамандарымен кездесулер өтті. Биыл маусым мен тамыз аралығында жобалық кеңсе қызметкерлері министрлікке бағынысты оқу орындарындағы емтихандарға қатысып, мəдениет жəне спорт саласындағы колледждерге барды. Сонымен қатар сəуір мен маусым аралығында министрлікке бағынысты оқу орындары базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит тексерісінің негізгі кезеңі өткен еді, - делінген ақпаратта.
Аталған тексеріс барысында кейбір сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жайттары мен жұмыс барысындағы келеңсіздіктер анықталды. Нəтижесінде жобалық кеңсе мамандары тиісті кеңестер айтып, ескертулер жасады. 

Енді министрлікке бағынысты спорт мекемелері базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі. Бұл аудиттің мақсаты - коррупция қаупін азайту, мекемелердің қызметіндегі жариялықты қамтамасыз ету.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...