Бас жаңалықтар
Adaldyq alany: Сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өтті
20 Қаңтар 2021, 09:44 145

Adaldyq alany: Сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Adaldyq alany жалпы республикалық жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес жұмысына вице-министрлер және жобаны іске асыруға жауапты әкімдердің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер және қоғам өкілдері қатысты.

Кеңес барысында республикалық жобалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов жобаны іске асырудың оң нәтижелерін атап өтті.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың пәрменді құралы ашықтық пен айқындық болып табылатынын ескере отырып, Adaldyq alany республикалық жобасы аясында мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлануын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осылайша 317 әкімдіктің сервистік жұмыс моделіне көшкенін атап өткен жөн. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарды жүз пайыз қамтамасыз етілді, - деп ол атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау жағдайларын жасай отырып, жобалық кеңестерінің менеджерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үдемелі цифрландыруды жалғастырды, оның деңгейі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 93%-ды құрады.

Жобаның мызғымас бөлігі қоғам өкілдерінің жеке қатысуы болды. Ол 80 мыңға жуық еріктілерді біріктірді, олардың қолдауымен сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты болдырмайтын жағдайлар жасалуда.

Барлық қоғам өкілдері – «Adaldyq alany» өңірлік жобалық кеңестерінің басшылары өңірлік әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды.

Өткен жылы 10-нан астам сала қамтылды, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, жол құрылысы және т.б.

Өткен жылдың өзінде жүгінген 11 500 азаматтың 80%-ы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты проблемалық мәселелерді оң шеше алды.

Өңірлерде жобаны іске асырудың оң нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Алик Шпекбаев вице-министрлерді министрліктер деңгейінде осындай жұмысты ұйымдастыруға шақырды.

Оның айтуынша, жобалық кеңселер бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауда және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуде, кедергісіз фронт-офистерді енгізу арқылы халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуде азаматтық қоғамның кеңінен қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың генераторы болуы тиіс.

Сондай-ақ, Алик Шпекбаев ел басшылығына сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша лайықты бастамалары жоқ басшылар туралы ақпарат дайындау туралы тапсырма берді.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы іске асыру үшін мемлекеттік органдар қоғаммен тиісті бағалау әдістемесін құруды ұсынды.


Фото: дереккөз
Загрузка...