ADAL партиясы ҮЕҰ жетекшілерімен онлайн-кездесу өткізді

29 Желтоқсан 2020, 15:46
1442
Бөлісу:
ADAL партиясы ҮЕҰ жетекшілерімен онлайн-кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 желтоқсанда ADAL партиясының мүшесі Ақмарал Бекмұрзаеваның ҮЕҰ жетекшілерімен және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмектің сапасы талқыланды. Осы мәселелер тұрғысынан нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар да қаралды.

Сондай-ақ олар дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен медициналық қызмет көрсету проблемалары мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға дене шынықтыру орталықтарының жоқтығын атап өтті. 

ADAL партиясы ҮЕҰ жетекшілерімен онлайн-кездесу өткізді


 

Осы кездесуден басқа ADAL партиясының өкілдері Алматыда қаланың жас кәсіпкерлерімен және стартаптарымен кездесу өткізді. Іс-шараға партия мүшелері Олжас Ордабаев, Алина Асқарова және Нұрлыбек Малелов қатысты.

Кездесу барысында жастар партия өкілдеріне сұрақтар қоя алды.

 

Партия мүшелері аймақтар тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда. Осылайша Алмасбек Садырбаев Алматы облысының Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесті. Тараптар субсидиялар мен шаруа қожалықтарын несиелендіру мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы