«Адал көмек» пен «Халық үні» жобасының айырмашылығы неде?

13 Қараша 2020, 17:31
2957
Бөлісу:
«Адал көмек» пен «Халық үні» жобасының айырмашылығы неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен онлайн брифингте агенттіктің «Адал көмек» жобасының жетекшісі, заңгер Айман Омарова айтып берді.

Оның айтуынша, «Халық үні» жобасы мемелекет пен халық арасындағы көпір болмақ.

«Адал көмек» тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, осы тұрғыдағы мәселелерін көмектесуге атсалысса, «Халық үні жобасы» әлеуметтік мәселелерді көтеру мен шешуге бағытталған. Бұл жобаны жергілікті атқарушы билік, үкіметтік емес ұйым бірлесіп жүзеге асырмақ.

 Бұл жоба Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр. Еліміздің кез келген азаматы осы жоба аясында өңіріндегі немесе қоғамдағы, жеке басына қатысты әлеуметтік мәселелер туралы үн қатып, жауап ала алады.  Яғни, әр сала мамандары өңірлерді аралап, халыққа кеңес береді. Олардың талап-тілегін тыңдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысады. Аяқ жетпеген жерге онлайн форматта көмек көрсетеді, - деді ол.  

Оның айтуынша, халық арасында жүріп, өңір тұрғындарының тұрмысы, проблемаларымен танысу барысында тұрғындардың құқықтық сауаттылығының төмен екен байқалған. Сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер билікке жетпей жатады. Тұрғындар оны өзара көтергенімен, тиісті орындарға жүгінбейді. Жүгінген күннің өзінде сұрақтар жауапсыз қалады. 

Сондықтан халықпен кедергісіз байналыс орнату әрі азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыруды көздеп отырмыз. Адамдар кедергілер мен білместіктің салдарынан көптеген әлеуметтік бағдарламадан да сырт қалып отыр. Әсіресе, бюрократтық кедергі салдарынан мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай қиналады. Оларға құжат дайындауда, бағдарламаларды түсінуде көмек қажет. Әсіресе аул-аймақтағы адамдардың сауаттылығын жетілдіру ең маңыздысы, - деді ол. 

Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі зор. Өйткені елімізде көптеген мәселенің шешілмей жатқанына жемқорлық себеп.

Өзгелердің жаңалығы