ӘЧ: Бүгін екі қазақстандық боксшы рингке шығады

13 Мамыр 2022, 12:22
1800
Бөлісу:
ӘЧ: Бүгін екі қазақстандық боксшы рингке шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда қазақстандық екі спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады prosports.kz.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін, 13 мамырда кешкі сессияда Гүлсая Ержан (81 келі) украиналық Олеся Крысюкпен кездеседі.

Ал Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) түркиялық Шеннур Демирмен жекпе-жекке шығады.

Өзгелердің жаңалығы