ӘЧ: Бүгін бокстан жартылай финал жекпе-жектері өтеді

4 Қараша 2021, 15:47
1039
Бөлісу:
ӘЧ: Бүгін бокстан жартылай финал жекпе-жектері өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда ел сапынан бес боксшы шаршы алаңға шығады.


Боксшылардың ойын көрсету кестесі төмендегіше:


48 келі: Теміртас Жүсіпов - Евгений Кармельчик (Беларусь)


51 келі: Сәкен Бибосынов - Танаарат Саенгфет (Таиланд)


54 келі: Махмұд Сабырхан - Акаш Кумар (Үндістан)


57 келі: Серік Теміржанов - Освей Кабалльеро Гарсия (Куба)


67 келі: Абылайхан Жүсіпов - Сивонрец Оказава (Жапония)


Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де басталса, кешкісі 23.00-де болады. Жекпе-жектер «Qazsport»телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы