Бас жаңалықтар
ACA 111 турнирінің промо-ролигі жарияланды
17 Қыркүйек 2020, 20:47 108

ACA 111 турнирінің промо-ролигі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ACA 111 турнирінің промо-ролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Александр Сарнавский (37-7) Абдул-Азиз Абдулвахабовпен (17-2) кездеседі. Бұл кездесуде жеңіл салмақтағы (70 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы (66 келі) Юсуф Раисовпен (16-1) жұдырықтасады. 

Кештің үшінші негізгі кездесуінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы (11-1) жартылай ауыр салмақта (93 келі) Алексей Буторинмен (15-4) кездеседі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...