Абзал Бейсебеков «Астана» ФК легионерлері туралы пікір білдірді

11 Қараша 2021, 13:00
1592
Бөлісу:
Абзал Бейсебеков «Астана» ФК легионерлері туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Желмая жобасының кезекті қонағы «Астана» ФК капитаны Абзал Бейсебеков мәлім етті.

Ол Мақсат Толықбайдың «сіз келесі жылы «Астана» ФК-дан кетуіңіз мүмкін бе?» деген сұрағына жауап берді.

Білмеймін, әлі ондай талқылау болған жоқ. Ойлану керек. Алдымен осы жылғы біріншілік аяқталсын. Жылдың соңында келісім бойынша келіссөздер жүргіземіз. Әзірше ешқандай жоспар жоқ, – деді спортшы.
Сонымен қатар «Астана» ФК капитаны алдағы трансферлер туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, клуб алдағы маусымға дейін легионерлерден айырылып қалмауға тырысады. Себебі биыл «Астана» ФК трансферлік бан қойылған.

Сондай-ақ футболшы әлемдік деңгейдегі Мбаппе, Гризаманн секілді деңгейдегі ойыншыларға қарсы кездескенде қандай әсерде болатынын айтты.

Матч кезінде ешқандай мысымыз басылмайды. Жалпы адам сезімді сөзбен жеткізе алса жақсы ғой. Әрине, бала кезімде әйгілі ойыншыларды көргенде қатты таңғалатынмын. Қазір ондай жоқ. Жасымыз келе қаншама футболшыларды көрдік. Оның үстіне көп мемлекеттерге барып, үйреніп те кеттік, – дейді Абзал Бейсебеков.
Сұқбат барысында Абзал Бейсебеков қайырылымдықпен айналыстанын айтты.
«Харекет» қайырылымдылық қорымен байланыстамын. Өз отбасымызбен көпбалалы отбасыларға, жағдайы келмей жүрген жанұяларға көмектестік, – деді ол.
 
Өзгелердің жаңалығы