Абылайхан Құсайынов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

16 Ақпан 2020, 14:18
1909
Бөлісу:
Абылайхан Құсайынов мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақта жұдырықтасып жүрген Абылайхан Құсайынов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды. 

Ол Мексиканың Тихуана қаласында шаршы алаңға шықты. Оның қарсыласы - жергілікті боксшы Мауро Лорето (32 - 10) болды. 

Құсайынов мексикалық боксшыны бесінші раундта жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-жеңісі (8 КО).

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда Құсайынов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниямен келісімшартты үзді. Ендігіде ол АҚШ-та жаттығады.

Өзгелердің жаңалығы