Бас жаңалықтар
Абылай хан монументі ғарыштан да көрінетін болады – Шораев
28 Ақпан 2020, 16:08 259

Абылай хан монументі ғарыштан да көрінетін болады – Шораев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның алып монументінің бой көтерілуі жайлы баспасөз маслихаты өтті.

Жиынға идея авторы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ҚР қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Арман Шораев қатысты.

_SCK4625.jpg

Менің ойымша, осындай монументті біз қоятын болсақ, бұл тек жалғыз Шораевтың немесе қоғам белсенділерінің азаматтық борышы емес немесе соларға ғана тиесілі дүние болмайды. Естеріңізде болса, өткен жылы монумент қою бойынша ұсынысымызды әлеуметтік желіде бөліскенбіз. Сондағы азаматтардың 90 пайыздан астамы ойымызды құптаған болатын, - дейді Арман Шораев.

Оның айтуына қарағанда, жарты жыл бойы монументті қай жерге қою керек деген мәселемен, ыңғайлы орын іздеген.

Көп жерді қарадық. Ұлытау, Семей, Алматы өңірлері ұсынылды. Бұл ұсыныстарды қарастырдық. Нәтижесінде Абылай хан өзінің ордасын тіккен жер Бурабай мен Көкшетаудың ортасындағы Кенесары ауылы маңын таңдадық. Онда биіктігі 90 метр болатын жотаны таптық. Біздің ойымыз монумент ғарыштан да көрінетіндей болса, – дейді идея авторы.
Арман Шораев монументтің сырт бейнесі қандай болатынын да айтты.
Монуметтің биіктігі шамамен 50 метр. Монумент ғарыштан көрінетін ғимарат болады деп ойлаймын. Бұл тек жай мүсін ғана емес үлкен ғимарат. Оның ішінде музей экспозициясы, конгресс холл неше түрлі ғылыми жиындарды да өткізуге болады. Менің ойымша, Ақмола облысы Бурабай аймағында туризмнің дамуына септігін тигізеді деп ойлаймын – дейді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...