Назарбаев «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын қалай атайтынын айтты

1 Желтоқсан 2020, 11:53
15785
Бөлісу:
Назарбаев «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын қалай атайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атайтынын айтты.

Келесі жылы аяқталатын «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын. Мұндай биік ғимарат жоқ. Кең даламызда алыстан көрініп тұратын болады. Діни және туристік мақсатта әлемдегі ең үлкен мешіт салынып жатыр. Ел астанасын одан әрі көркейту үшін талай ойлар, жоспарлар бар. Көп болып қолға алсақ, атқарылмайтын іс жоқ. Мұның барлығы Қазақстанның әлем алдындағы әлеуетін көрсетеді,- дейді Елбасы.

Тұңғыш Президент телеарнаға берген сұхбатында Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіту шешімінің маңызы мен қаланың келешек жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Сонымен қатар Түркістан болашақта ел астанасы болуы мүмкін бе деген көпшілік арасында тараған қауесетке қатысты ойын білдірді. 
Түркістанды көтеру – парызымыз, біздің халқымыз үшін қажет. Бұл тарихы тереңде жатқан көне қаламыздың бірі. Түркістандағы көне ғимараттардың қалпын сақтап, жергілікті халық пен туристер үшін тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз қажет,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі бүгін 20:00-де «Qazaqstan» телернасынан көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы