«Абу-Даби Плазада» вакцина алғандарға түрлі сыйлықтар таратылады

12 Маусым 2021, 03:33
1546
Бөлісу:
«Абу-Даби Плазада» вакцина алғандарға түрлі сыйлықтар таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Абу-Даби Плаза» СОО-да вакцина қабылдаған азаматтар арасында жүлделер ойнатылады. Вакцинацияланған азаматтар ұтыс ойынына екпе алғаннан кейін бірден қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Абу-Даби Плаза» СОО-да егу пункті 22 сәуір күні ашылған болатын. Мұнда бүгінге дейін 6 100-ден астам адам вакцина қабылдады.

Сауда ойын-сауық орталықтарында вакцинация пунктін ашу – қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы жағдай жасау үшін жасалған қадам. Бизнес иелері өз кезегінде вакцина қабылдағандарды ынталандыру үшін түрлі акциялар, ұтыс ойындарын өткізіп жатыр. Біздің егу орнымызда 7 маусымнан бастап вакцинацияланғандар үшін арнайы сыйлықтар ойнатылады. Оларға біздің сауда орталығының 24 бутигінде әртүрлі жеңілдіктер беріледі, – дейді сауда орталығының бас директоры Хакан Нильсон.
Естеріңізге сала кетейік, елордада вакцинация пункті «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу-Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО-ларында және «Әлем» және «Еуразия» сауда үйлерінде ашылды. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пункттері 3 есеге ұлғайтылды.

Айта кетейік, сауда үйлері мен қала орталықтарында вакцинациялау аймақтарын ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі, онда санитарлық талаптарға сәйкестігі мен нормалардың сақталуы бойынша барлық жағдай қаралады.

Өзгелердің жаңалығы