Бас жаңалықтар
Әбішев: Қашықтан жұмыс істеуге көшудегі мақсат – қызметкерлердің қауіпсіздігі
10 Сәуiр 2020, 15:58 119

Әбішев: Қашықтан жұмыс істеуге көшудегі мақсат – қызметкерлердің қауіпсіздігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бүгін "Қашықтан жұмыс істеу кезінде мемлекеттік қызметкерлерге қажетті дағдылар" тақырыбы аясында тікелей эфир өткізді.

Қашықтан жұмыс істеу форматына көшудегі негізгі мақсат – қызметкерлердің қауіпсіздігі. Қазір салмақ вирусқа шалдыққан науқастармен тікелей байланыста жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне түсуде. Бұл салада қашықтан жұмыс істеу жағы сәл қиындау. Жақында біз сандық технологияның көмегімен медициналық кеңес өткізудің жаңа бағыттарына қатысты семинар өткіздік. Мұндай кеңестерді дәрігерлер әріптестері арасында да, пациенттерімен де өткізе алады. Күні кеше ғана оқыту жұмыстары жүргізілді, жуырда медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша арттыру үшін аймақтарға да пайдалана аламыз деген ойдамын, - деді Олжас Әбішев.  

Вице-министрдің айтуынша, қашықтан жұмыс істеу кезінде мемлекеттік қызметкерлерге ең керек дағды – компьютерлік сауаттылық. Яғни, ноутбук, планшет, сматфон, тіпті WhatsApp месседжерін ашып, хат алмасу ғана емес, сондай-ақ оның мүмкіндігін жұмыс үшін де пайдалана білу керек.

Екінші мәселе қызметкерлер тарапынан айтылатын ұсыныс аз. Басым көпшілігі, басшылықтың қабылдаған шешімін күтеді, өз ішінен алып-қосары болмайды. Осы арада топтық жұмыс стилін қалыптастыру керек. Корпоративті саясат, этика, топтық бағыт деген маңызды қадам жасауға көмектеседі. Тағы бір айта кету керек нәрсе, ақпараттық қауіпсіздік. Қазір түрлі чат көп, оларда бір-біріне жіберілетін жұмыстың түрлі құжаттары жүреді. Бұл дұрыс емес. Ешбір құжат WhatsApp-чат арқылы жіберілмеуі керек, ол үшін қалыпты жұмыс режимі кезінде қалай жауапты болсаңыз, қазір де солай жауаптысыз, - дейді Олжас Амангелдіұлы.
Бұған дейін вице-министр қашықтықтан жұмыс істеу барысында қандай қиындықтарға тап болғанымен бөліскен болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...