Бас жаңалықтар
Әбіш Кекілбаев билікке интеллект әкелген тұлға – мәжілісмен
05 Желтоқсан 2019, 11:49 1667

Әбіш Кекілбаев билікке интеллект әкелген тұлға – мәжілісмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 6 желтоқсан – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туған күні. Егер тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. 

Осыған орай, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Әбекең - тәртіптің адамы болатын. Уақытты тиімді пайдаланатын. Бір жерге сағат 18.00-ге шақырса, Әбекең жеңгемізді ертіп, 5 минут ерте келіп тұратын. Ешқашан шақырған жерге кешіккен емес. Кеңес одағы тұсында да, Тәуелсіз Қазақстан тарихында да депутат болды. Жоғары Кеңестің төрағасы болды. Әбекең - билікке интеллект әкелген тұлға. Мен ол кісімен 40 жылдай араластым, - дейді Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.

Конференцияны мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ашты. 

Қоңыр күзден бері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы аясында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Туған жері Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткішін және Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейін ашқан болатын. Ұзақ жылдар тұрған, шығармашылығы қалыптасқан Алматы қаласында көше берілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...