Сқақов ауылдық бизнесті дамытуға арналған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді

17 Маусым 2021, 13:22
1382
Бөлісу:
Сқақов ауылдық бизнесті дамытуға арналған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі Business Ertis кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, Business Ertis өңірлік бағдарлама.

Осы бағдарламаның аясында ауылға ерекше көңіл бөлінді. Оның жаңа бағытының міндеті – облыстың әр ауданында бір ауқымды жобаны іске қосу, сондай-ақ ауылда шағын, орта, жаңадан бастаған бизнеске күнделікті көмек көрсету, - деп түсіндірді облыс әкімі.
Сонымен қатар бағдарламаның тағы бес бағыты бар. Олар – кәсіпкерлерге атаулы көмек көрсету, экологиялық, инновациялық және әлеуметтік бастамаларды дамыту, сондай-ақ инвестициялар тарту. 
Осылайша, жыл басынан бері Павлодар облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 350-ге өсті, сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік шаралардың арқасында 1,5 мыңға жуық жоба 34 млрд теңгеден астам көмек алды. Жыл соңына дейін кем дегенде 700-ге қолдау көрсетіледі деп күтілуде, - дейді Әбілқайыр Сқақов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сқақов Екібастұз экономикасын энергетикалық кешенге тәуелділіктен арылту көзделгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы