Әбдіқалықова Марсбек Молдабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

3 Мамыр 2021, 17:41
4868
Бөлісу:
Әбдіқалықова Марсбек Молдабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты.

Әріптесіміз, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына Сыр жұртшылығы атынан қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.
Бұл орны толмас қаза бәрімізге де ауыр тиіп отыр. Кеше ғана арамызда жүрген, Сыр елінің экономикалық-әлеуметтік дамуына, құрылыс саласының нығаюына сүбелі үлес қосқан ардақты азамат, білікті басшы еді. Тағдыр ісіне не шара... Марқұмның көрмеген жасы мен қуанышын ұрпағы көрсін дейміз. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын! Бақұл болыңыз, әріптесіміз Марсбек Рүстемұлы!, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы