Бас жаңалықтар
Абайдың 175 жылдығына арналған байқау өтті
19 Қазан 2019, 00:41 303

Абайдың 175 жылдығына арналған байқау өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының прокуратурасы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған байқау ұйымдастырды.

Іс-шараға облыс және аудан прокуратураларының жас қызметкерлері белсене қатысты.

"Абай шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылғандығы бәріне мәлім. Облыс прокуратураларының қызметкерлері әртүрлі ұлт өкілдерінің тиісті нақыштағы ұлттық киімдерінде ұлы ағартушы ақынның өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс және әзірбайжан тілдерінде оқыды", - делінген таратылған ақпаратта.

Аңызға айналған "Көзімнің қарасы" әні де барлық көрерменнің үлкен ықыласына бөленді.

Жас ұрпақ - облыс прокуратурасы қызметкерлерінің балалары да іс-шарадан тыс қалмады, олар Абайдың шығармаларын жатқа оқып, осылайша қазақтың көрнекті ақынының шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ұлы бабамызға құрмет көрсетті.

Бүгінгі іс-шарадағы ұлы Абайдың шығармалары халықтар арасындағы терең байланыстың, ізгі құрмет пен түсініспеншіліктің дәлелі болды.

Байқау соңында Абай оқуларының қатысушылары облыс прокурорының естелік грамоталарымен  марапатталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...