Абайдан абайтанушыға бес сұрақ

29 Ақпан 2020, 13:01
3032
Бөлісу:
Абайдан абайтанушыға бес сұрақ
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BAQ.KZ ақпарат агенттігі ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында "Абайдан абайтанушыға бес сұрақ" жобасын бастады. Жобаның алғашқы қонағы ретінде белгілі абайтанушы Асан Омаровқа Абайдың қырқыншы қара сөзінен бес сұрақ қойылды.

1. Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?

2. Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, "жарықтық" деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?

3. Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның  келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?

4. Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі?

5. Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?

 Ғалымның жауабын төмендегі видеодан көре аласыздар.


Өзгелердің жаңалығы