«Абай» телехикаясы Түркияның мемлекеттік арнасының эфирінен көрсетіледі

24 Желтоқсан 2020, 23:45
1473
Бөлісу:
«Абай» телехикаясы Түркияның мемлекеттік арнасының эфирінен көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Абай» тарихи телехикаясы Түркияда көрсетіледі. Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокорпорациясы өз арналарында «Абай» телехикаясын көрсетуге қызығушылық танытты. Қазір екі арна арасында келісім жасалуда, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге сериалға ТМД-дағы ең үздік онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасы қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде. 6 бөлімді телехикая ағылшын және орыс тіліне де аударылып жатыр. 

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Туындының режиссері – Мұрат Бидосов. Телехикаяға жазушы-драматург Дулат Исабеков кеңесшілік етті. Басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдаған.  

Хакім өмірінен сыр шертетін алғашқы телевизиялық сериалды қазақстандықтар Ұлттық арна эфирінен Тәуелсіздік мерекесінде тамашалады.



Өзгелердің жаңалығы