Абай шахтасындағы апат: Жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз – министр
24 Қараша 2021, 19:38 79

Абай шахтасындағы апат: Жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Абай шахтасындағы апатқа қаза тапқан жұмысшылардың кінәсі жоқ, барлық жауапкершілік «АрселорМиттал Теміртауға» жүктеледі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Абай шахтасындағы ТЖ тергеу бойынша үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.

Комиссия жұмысшылардың кінәсі нөл пайызды құрайтынын анықтады. Яғни, шахтада зардап шегіп, қаза тапқан жұмысшылардың кінәсі мойындалмады. Жұмыс беруші «АрселорМиттал Теміртау» тарапынан кінә 100 пайыз деп танылды, - деді министр.

Оның сөзінше, «АрселорМиттал» оқиға болғанға дейін жүзеге асырылмаған іс-шаралар болғанын айтты. Бұл апат өндірісте болғандықтан, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде рәсімделеді.

Бүгінгі таңда комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссияның нақты лауазымды тұлғаны өз өкілеттіктерін орындамағаны немесе асыра пайдалануы, сапасыз орындағаны үшін кінәлі деп тануға құқығы жоқ. Жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтадық. Алдағы уақытта тергеу органдары қозғалған қылмыстық іс аясында іс-шаралар жүргізеді, - деп толықтырды ТЖМ басшысы онлайн брифингте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...