Абай-175: Сақ дәуірінен сыр шертетін көрме Семей төріне жайғасты

13 Ақпан 2020, 19:12
1616
Бөлісу:
Абай-175: Сақ дәуірінен сыр шертетін көрме Семей төріне жайғасты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сақ пен түркі дәуірінің тарихын паш ететін катонқарағайлықтардың Семейдегі көрмесі бір ай бойы қала тұрғындары мен қонақтарын көне дәуір шежіресімен таныстырмақ.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Семей қаласындағы ақынның әдеби-мемориалдық музейінде тарих тереңінде қалған мыңжылдықтардан сыр шертетін "Алтын Алтай" атты көрме ұйымдастырылды. "Берел" қорық-музейінің бастамасымен ұйымдастырылған көрмеге сақ пен түркі дәуірлерінің тарихын паш ететін құнды жәдігерлер қойылды.

Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Аталмыш көрмені осы орайда ұйымдастырып отырмыз. Жалпы, оны Семей өңірінде ұйымдастыруымыздың бірінші себебі – Семей Абай атамыздың туып-өскен өңірі, екіншіден, "Жидебай-Бөрілі" қорық-музейімен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтаса жұмыс істеу. Республика бойынша біз сияқты 12 қорық-музей бар. Сол себепті саусақпен санарлықтай ғана мекемелер бірлесе, бір бағытта, бір адамдай жұмыс істесе көпшілікке ұсынарымыз да көп болары сөзсіз, - дейді "Берел" музей-қорығының директоры Алмас Сарбасов.

ашык1.jpg

"Алтын Алтай" көрмесін қорық-музейлер арасындағы әріптестікті дамыту әрі "Берел" қорық-музейінің атын әйгілеу мақсатында ұйымдастырылғанын алға тартқа ол көрмеге жиырма жылдық тарихы бар мұражайдағы 400-ге жуық жәдігердің қойылғанын айтты.

Көрмеге "Берел" музей –қорығының қорындағы экспонаттардың түпнұсқалары апарылды. Оның ішінде ең құндысы деп – 2003 жылы №31 қорымнан табылған сүйектен жасалған ат әбзелдерін айтуға болады. Үзеңгіден бастап, айылбасқа дейінгі заттардың барлығы марал мен бұланның сүйектерінен жасалған. Сақ дәуіріндегі сүйектен сұлу бұйымдар жасау өнерін паш ететін бұл жәдігерлерді "Берел" қорық-музейінен бөлек жерде де көрсеткен біз үшін ерекше мәртебе болуда, - деп қосты музей директоры.

Қала тұрғындарының назарына ұсынылатын көрме наурыз айының басына дейін созылып, семейліктерге бір ай бойы құнды дәрежелерді тамшалауға мүмкіндік бермек.

 

Өзгелердің жаңалығы