Абай-175: Павлодарлық түрмеде Абай оқулары өтті

28 Қаңтар 2020, 14:14
2002
Бөлісу:
Абай-175: Павлодарлық түрмеде Абай оқулары өтті
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар бастау алды. Жұртшылықтан қалыс қалмағандардың қатарында түзеу мекемелері де бар.

Абай оқуларына АП-162/3 колониясында жазасын өтеп жатқан азаматтар мен түрме қызметкерлері қатысты. шара барысында сотталғандар ұлы ақынның  өлеңдерін мәнерлеп оқып, қазақ әдебиетінен алыс емес екендерін дәлелдеді. Колония мамандарының айтуынша, шығармашылық - жазасын өтеп жатқандар арасында тәрбиелік жұмыстарды жүргізудің тың әдісі. Сондықтан, қылмыс жасаған азаматтарды түзу жолға салу басты назарға алынған.

4569 (2).jpg

Әдеби-сазды шараға 10-нан астам жазаланушы қатысып, өнер көрсеткен. Алдағы уақытта осы тектес шаралар сотталғандардың ұсынынысы бойынша айына бір мәте ұйымдастырылмақ.

Абақтыда жазасын өтеп жатқан Арман Сәндібаев Абай шығармаларын өзектілігін жоғалтпағандығын айтып, рухани азық алудың сарқылмас қоры деген пікір бішлдірді.

4569 (3).jpg

Хәкім Абай 200 жыл бұрын айтып кеткен моральдық-психологиялық қағидаттар бүгінгі таңда өзгеріске ұшырамаған. Материалдық жағдайымыздың өзгергені болмаса, қалғаны қайталанып келеді. Менталитет, өмір сүрі салтымыз, көзқарастарымыз сол қалпы. Шыны керек, біз жақсы іс жасаудан арланамыз. Ал Абай ғылым-білімді дәріптейді. Басқа ұлттардан кемшілігіміз жоқ екенін айтып кеткен, - дейді.
Бүгінде жапы режимдегі абақтыда 300-дан астам азамат жазаларын өтеп жатыр.
4569 (5).jpg

Айта кетейік, ұлы ақынның 175 жылдығына арналған шаралар барлық мәдени ошақтарда ұйымдастырыла бастады. Жаңадан ашылған Ертіс мультимедиялақ музейінде Абай Құнанбаевтың музей-қорығының "Жидебай-Бөрілі" атты экспозициясы ашылды.

Экспозицияға дара тұлғаның жеке заттары мен 19-шы ғасырдың ортасында жарық көрген кітаптары қойылды. Бас-аяғы 100-ге жуық бірегей жәдігер жұртшылық назарына ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы