Абай-175: Мөлдір Әуелбекова Абайдың әнін орындады

12 Шілде 2019, 19:33
2310
Бөлісу:
Абай-175: Мөлдір Әуелбекова Абайдың әнін орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Мөлдір Әуелбекова Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқу эстафетасында Абайдың әнін орындады.

«Ұлы Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын алғашқылардың бірі болып қабылдаған Президент бәрімізге үлгі болып, тың серпін берді. Мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызынан @aktotyraiymkulova аталмыш эстафетаны зор құрметпен қабылдап, игі бастаманың жалғасуына өз үлесімді қостым», - деп жазы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаған Мөлдір, ұлы Абайдың мұрасын ұлықтау мақсатында эстафетаның келесі кезегін Бекболат Тілеухановқа @bekbolat.tleukhan, Мақпал Жүнісоваға @zhunusova.makpal және Бауыржан Бәйбекке @baibekbk жолдады.

Өзгелердің жаңалығы