Абай-175: Катонқарағайда Абай атындағы сквер ашылады

28 Мамыр 2020, 19:34
1648
Бөлісу:
Абай-175: Катонқарағайда Абай атындағы сквер ашылады
Фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында Абай атындағы сквер салынып, ақынның кеудемүсіні орнатылады.

Бұл туралы ауданда жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары барысымен таныстырған аудан басшысы Ренат Құрмамбаев хабарлады.

Биыл белгілі жерлесіміз, әйгілі ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтетініміз барлығымызға белгілі. Осы орайда аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында ақынға арнап сквер ашпақпыз. Жалпы аумағы 6800 шаршы метрді құрайтын свердің жартысына жаяу жүргіншілер жолдары салынса, қалған жартысы газонмен көмкеріледі. Сонымен қатар сквердің ортасындағы шағын алаңқайда ақынның кеудемүсіні орналасатын болады, - деді аудан әкімі Ренат Тілеуханұлы.

Скверді салу тапсырылған мердігер мекеме басшылығының хабарлауынша, қазіргі уақытта ақынның тастан қашалған кеудемүсінінің эскизін екі фирма әзірлеп жатқан көрінеді. Аудан әкімінің басшылық етуімен құрылған комиссия дайын болған эскиздерді қарап, сәтті шыққанын таңдаған соң тапсырысты алған ұйым кеудемүсінді жасауды бастамақ. Жалпы сомасы 100 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған сквердің құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталып, ақын тойы қарсаңында қолданысқа берілмек.

Өзгелердің жаңалығы