Бас жаңалықтар
Абай – 175: Қарағанды облысында онлайн-айтыс өтуде
28 Қазан 2020, 23:34 157

Абай – 175: Қарағанды облысында онлайн-айтыс өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында онлайн-форматта «Артынан өлмейтін сөз қалдырған» айтысы өтуде. Аудан әкімдігі мен жергілікті ақындар бұл айтысты хакім Абайдың 175 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Ақындар бір ай бойы шеберліктерін ортаға салып, жарысады.

Айтысқа қатысуға 12 адам ниет білдірген. Жеребе арқылы олар алты жұпқа бөлінді.

Біздің ауданда осындай байқау өтіп жатқанына қуаныштымыз. Ақындар өз өлеңдерінде Абай шығармашылығының ерекшеліктерін жеткізеді деп үміттенемін. Айтыс өнерін насихаттай отырып, халқымыздың мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын бірінші орынға қоятынымыз сөзсіз, - деді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров.

Айтысқа белгілі жас ақындар қатысады. Алғашқы қойылымды олар Абайдың шығармашылығына арнады, ал оларды атақты айтыскерлер арасынан білікті қазылар алқасы бағалауда.

Байқауды YouTube-арнасында және «Рухани жаңғыру» өңірлік бөлімшесінің әлеуметтік желілерінде көруге, дауыс беруге және пікірлер қалдыруға болады. Қорытынды қараша айының соңында шығады. 


Фото: дереккөз
Загрузка...