Абай-175: Ертіс өңірінде ақынның құрметіне аталған екі ауыл, 128 көше мен жеті мектеп бар

6 Ақпан 2020, 18:20
1752
Бөлісу:
Абай-175: Ертіс өңірінде ақынның құрметіне аталған екі ауыл, 128 көше мен жеті мектеп бар

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған екі ауыл, 128 көше мен жеті білім беру мекемесі бар. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде бұл жерлерде абаттандыру шаралары қолға алынады.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, өңірде Абайдың 175 жылдығын атап өту бойынша тұжырымдама әзірленді. Ұлы ойшылдың мерейтойын атап өтудегі негізгі идея ақын шығармашылығының негізінде отбасылық жаңа дәстүрлерді қалыптастыру көзделген.

 

Мерекелік шаралар бес бағыт бойынша өтеді. Біріншіден, еліміздің үздік абайтанушыларының басын қосқымыз келеді. Белгілі абайтуныша Даниял Әсенов "Ауылға Абай" келді жобасы аясында ауыл-аймақты аралап, шағын спекталкьдер қояды. Мерейтой шеңберінде ақынның құрметіне аталған жерлер абаттандырылады, нақтырақ айтқанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен брендбук бойынша көрнекті ақпаратты ресімдеу жүзеге асырылады. Облыстың театрларында Мұхтар Әуезовтың "Жас Абай" қойылымы көрсетіледі. Сонымен қатар, айтыстар, фестивальдер ұйымдастырылады. Мерейтойға ақпараттық қолдау да назардан тыс емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Үкіметтік емес ұйымдарға және шығармашылық бірлестіктерге арналған 4,5 млн теңгеге жобалар қарастырылды, - дейді басқарма басшысы Ернұр Дәуенов.
 

 

Жоспарға сәйкес 300-ден астам мәдени және танымдық шара ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы