Абай-175. Бүлдіршіндер ақынның туындыларын тоқыма кітапқа түсіруде

29 Қаңтар 2020, 00:36
3328
Бөлісу:
Абай-175. Бүлдіршіндер ақынның туындыларын тоқыма кітапқа түсіруде
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемендік бүлдіршіндер Ұлы Абайдың туындыларын тоқыма кітаптарға түсіруде.

Пушкин атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған тоқыма үйірмелеріне қатысушы балалар жетекшілерімен бірге ерекше бастаманы қолға алды. Қолөнер мен дизайнды ұштастырған бүлдіршіндер ақын Абайдың түрлі шығармаларын тоқыма кітаптарға түсіруді бастады.

2.png

3.png

Жайдары жаздың, күрең күз бен қаһарлы қыстың, жер бусанған жылы көктемнің келбетін айнытпай тоқымамен көрсете білген қолөнер туындысы ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойына арналып жасалды.

Бізде мейкерспейске арналған арнайы құрылғымыз бар. Динара Мергембаева есімді әріптесіміз жетекшілік ететін бұл үйірме соңғы уақытта балалардың қызығушылығын оятатын түрлі туындыларды істеуді қолға алды. Соның бірі мына кітабымыз. Әрине беті аз, бірақ баланың санасына берері көп тоқыма кітапта қаншама еңбек жатыр. Әр қосбеттің бір жағында абайдың әр жыл мезгіліне арналған өлең шумақтары жапсырылса, екінші жағында сол мезгілдің көрінісі тоқыма туындымен көрсетілген, - дейді Пушкин атындағы облыстық кітапхананың өлкетанушы-библиографы Зиза Сіләмбекова.
1.png

Сондай-ақ тоқыма кітаптың беттеріндегі Абай өлеңдерінің аудиожазбадағы нұсқасын смартфоны бар әр адамның QR код арқылы тыңдай алатын мүмкіндігі бар. Ол үшін құрылғыны тоқыма кітаптағы ақын өлеңдері жазылған парақшаның бұрышындағы QR кодқа бағыттасаңыз болғаны.
Өзгелердің жаңалығы