Абақтыда талмай еңбек ететін арулар

22 Қазан 2019, 15:43
3514
Бөлісу:
Абақтыда талмай еңбек ететін арулар
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы УГ -157/11 колониясындағы жазасын өтеуші 143 әйелдің 90%-ы жұмыспен қамтылған. Қазір бұл мекемеден 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 5 жеке кәсіпкер жұмыс орындарын ашып отыр. 

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.02 (1).jpeg

Солардың бірі – жиһаз өңдеу цехы. Бұл цехта 4 әйел жұмыс істейді. Ескі, өңі кеткен жұмсақ жиһаздарды жаңалап шығарады екен. Цехтың ашылғанына екі жылға жуықтаған. Кәсіпкер Раушан Сабырғалиева жұмысшыларын да өзі үйретіп алған.

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.04.jpeg

"Бізде тапсырыс көп. Мұнда еңбек етіп жатқан сотталған азаматшалардың жұмысына мен ризамын. Жұмсақ жиһаздарды тапсырыс берушілердің үйінен алып кетеміз. Қыздар 3-4 күнде, не әрі кеткенде бір аптада өңдеп шығарады. Одан соң клиенттің мекенжайына кері апарып, тапсырамыз. Айына 5-6 жиһазды өңдейміз. Жұмысшыларымның қызметі халықтың көңілінен шығып жатыр. Олар кез келген ер азаматтың қолынан келмейтін жұмысты атқарып жатыр", - дейді кәсіпкер Раушан Сабырғалиева.  
WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.00.jpeg

Кәсіпкер Раушан Сабырғалиева колониядан тағы да бірнеше кәсіп көзін ашуды жоспарлап отыр. 

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.03.jpeg

Ал "Белый квадрат" ЖШС-інде 10-нан астам әйел жұмыспен қамтылған. Полиграфиямен айналысып, қағаз өнімдерін өңдейді. Картон қағаздардан түрлі куәлікті қиып, желімдейді. Сондай-ақ, қолөнер бұйымдарымен де айналысады.

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.01 (1).jpeg

Сонымен қатар, колонияда 4 жеке кәсіпкер тігін цехын ашқан. 50-ден астам жаза өтеуші осы кәсіпорындарда қызмет атқарады. Цехтарда қызу жұмыс. Арнайы киім-кешектер, төсек орындары, күртешелер тігіліп жатыр. Жұмысшылардың айтуынша, тігін цехында да тапсырыс өте көп. 

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.19.59.jpeg

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті өкілдерінің сөзінше, алдағы уақытта тағы да екі тігін цехы ашылады деп жоспарлануда.

"Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ 157/11 түзету мекемесінде шамамен 143 адам жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 100-ден астам сотталған әйел жұмыспен қамтылған. Олар 35-пен 70 мыңға дейін еңбекақы алады. Жеке кәсіпкерлер осы мекеменің шотына аударады. Сол шот арқылы жұмысшылар өздерінің талап-берешектерін өтейді, мекемедегі дүкеннен керек-жарақтарын алады, ал қалған сомаларын өз туған-туыстарына арыз арқылы аударып жібереді. Бұл жерден кәсіп ашуға ынталы кәсіпкерлер көп. Оларға бос ғимараттар Атырау мемлекеттік жекешелендіру департаменті арқылы жалға беріледі", - дейді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Жангүл Отаралиева.

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.20.02.jpeg

Абақтыдағы наубайханада – 4, асханада – 7, ішкі шаруашылықта – 16 әйел жұмыс істейді. Сондай-ақ, шаштараз, тігінші, аспазшы, кондитер мамандықтары бойынша жалпы 45 жазасын өтеуші студент колледжде білімін алып жатыр. Олар оқуларын аяқтаған соң дайын маман болып шықпақ.

WhatsApp Image 2019-10-22 at 12.19.59 (1).jpeg

Өзгелердің жаңалығы