#ABAI175 эстафетасы Иорданияда жалғасын тапты

31 Шілде 2019, 12:59
2129
Бөлісу:
#ABAI175 эстафетасы Иорданияда жалғасын тапты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иорданияның бұрынғы мәдениет министрі Нэнси Бакер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады. 

Әйелдер арасынан Араб мемлекеттері лигасы бас xатшысының орынбасары деңгейіне дейін көтерілген Иорданияның бұрынғы мәдениет министрі Нэнси Бакер Абайға арналған поэтикалық эстафетаны сенатор Мұxтар Құл-Мұxаммедтен қабыл алды.

Ол Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін әлемдегі ең көне қалалардың бірі Амманның қақ ортасында тұрып, араб тілінде нақышына келтіре оқыды.

Нэнси xаным xәкім Абайдың араб тілін жетік білгенін әрі өлмес туындыларын араб әліпбиімен жазғанын да ілтипатпен атап өтті. Ол өз кезегінде жыр шеруін жалғауды Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматовқа ұсынды.



Естеріңізге сала кетейік, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед шетелдегі достарына жолдаған болатын. Атап айтқанда, ол Абайды тану дәстүрін Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде мәдениет министрі болған М.Е. Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі елшісі, әйгілі әнші-композитор, ұзақ жылдар мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлына, Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның мәдениет министрі болған Нэнси Бакерге жолдады.


Өзгелердің жаңалығы