Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджіне қолдау көрсетті

18 Ақпан 2020, 09:37
2237
Бөлісу:
Қарағандылық әскерилер #Аbai175 челленджіне қолдау көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының 50185 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Абай-челленджіне қолдау көрсетіп, бейнеролик түсірді. Онда олар Абайдың "Өлең - сөздің патшасы" атты шығармасын оқиды.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Идея авторы 50185 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Арман Құдайбергенов. Әскер қызметі жөніндегі штаб бастығының орынбасары майор Сұңғат Мақсұтов сценарист, режиссер, оператор және монтажер ретінде өз үлесін қосты. Өлеңді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Серік Рамазанов, жедел қызмет қатардағы жауынгері Нұрдәулет Бүркітбаев, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ақбота Маматилова, аға лейтенант Жандос Оңлас, майор Жайнар Смағұл және аға лейтенант Шыңғыс Зұлқарнаев оқыды. 

Абай-челлендж – ұлы қазақ ақыны және ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқитын поэтикалық эстафета. Челлендж ұлы жазушының 175 жылдығына арналған.

Эстафетаны тоғыз жасар оқушы Ләйлім-Шырақ пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған. Дәл осы Ләйлім Абайдың өлеңін оқып, ел президентіне үндеу тастады. Қыз бала және оның ата-анасы үшін күтпеген жерден мемлекет басшысы бұл шақыруды қабыл алды. Сонан соң ол эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге тапсырды.

Челленджге Қазақстан президентінен басқа, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли, білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Раймқұлова, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі (бұрынғы-ред.) Иманғали Тасмағамбетов, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, "Ресейдің күміс дауысы", халық әртісі Олег Погудин, ресейлік әнші Валерия, Ресей Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров, танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев, Ресей президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой және басқалары қатысты.


 

 

Өзгелердің жаңалығы