"Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының тұсауы кесілді

30 Маусым 2020, 11:33
1590
Бөлісу:
"Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының тұсауы кесілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында "Qazaqstan" республикалық телерадиокорпорациясы құрамындағы "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтіп жатыр. 

WhatsApp Image 2020-06-30 at 14.30.02.jpeg

Жаңа арнаның ашылуына келген ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев өзінінің ізгі тілегін білдіріп, арнаның жұмысына сәттілік тіледі.

Әлемде қалыптасқан күрделі ахуалға қарамастан 2020 жыл елімізде ерекше маңызды оқиғалармен есте қалатыны анық. Оның бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Биыл ұлы ақынның мұрасын дәріптеуге арналған ауқымды жұмыстар атқарылды, іс-шаралар әлі де жалғасуда. Бұл барымызды бағалайтын, болашағымызды бағдарлайтын нақты қадам болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасында көрсетілген қоғамдық сананың қайта түлету ісінің мән-маңызы осында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында "ақынның мұрасы бүкіл адамзат баласының рухани азығы" деп лайықты баға берді, - деп атап өтті ол. 
WhatsApp Image 2020-06-30 at 14.30.36.jpeg

Сонымен қатар, ол бұл телеарна шенеуніктердің емес, мәдениет пен өнер адамдарының арнасы екенін атап өттті.

Бүгін тұсауы кесілетін жаңа телеарна мәдени ағартушылық салаға үлес қосуды, ұлт қазынасын толтыруды көздейді. Арнаның Абай деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту жолындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темір қазығы Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр. Бұған дейін мәдениет, дәстүр жайында бір телеарна керек деп айтушы едіңіздер.  Осы арнаны арнайы өздеріңізге ашып отырмыз. Бұл шенеуніктердің емес, өнер адамдарының арнасы болады. Сондықтан атсалысып, осы арнаның жұмысына кірісіп, еңбек етуге шақырамын,- деді Дәурен Абаев.
WhatsApp Image 2020-06-30 at 14.31.03.jpeg
Өзгелердің жаңалығы