Абай жолы - 2

16 Тамыз 2019, 18:37
2409
Бөлісу:
Абай жолы - 2

Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар. Бұл мекендерді байланыстыратын ұлы тұлғаның есімі дүйім қазаққа мәлім.

16-19 тамыз аралығында елорда әкімдігінің мұрындық болуымен «Ұлы Абайдың ізімен...» экспедиция жолға шықты.

Абай мұрасы әбден зерделенген дегенімізбен, қазіргі толқынның көзімен қарап, заманауи форматта және бір жаңғырту мақсаты бар. Ол үшін экспедицияның білігі мен жарағы сай. «Руханият» КММ жасақтаған топқа журналистер, блогерлер, фотографтар кірген. Экспедиция құрамында «Қазконтент» АҚ қызметкерлері Заңғар Кәрімхан мен Елдос Тоқтарбай бар.

photo5382203224800471596.jpg

Экспедицияның бір ерекшелігі — оның көрген-білгендері бірден әлеуметтік желілерге паш етіледі. Ал асықпай оқитын оқырман үшін де салмақты жолжазбалар болады.

Мұнымен қоса, Абайдың өмірінің маңызды кезеңдерін қамтитын нысандар түгел дерлік қамтылады. Тізімде Абай аялдаған үйлерден бастап, қазақ руханиятымен тығыз байланысты беріректегі Алаш қайраткерлеріне қатысты мекендер де бар.

Экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы