Абаев: "Дарын" сыйлығы - тек марапат емес, үлкен жауапкершілік

9 Желтоқсан 2019, 16:46
3642
Бөлісу:
Абаев: "Дарын" сыйлығы - тек марапат емес, үлкен жауапкершілік
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Хабар" агенттігінің продюсері мен "Ақтөбе" газетінің тілшісі "Дарын" сыйлығымен марапатталды. 

Олар "Журналистика" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

ARAM1671.jpg

"Хабар" агентігінің продюсері  Мырзабек Түсіпов және "Ақтөбе" газетінің тілшісі Айбек Тасқалиевке арнайы сыйлықты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев табыстады.

Баршаңызды "Дарын" сыйлығымен құттықтаймын. Сіздер бұл жерде жастар емессіздер, осы марапатқа ие болып, жастарға Жастар жылында бой түзейтін, ой түзейтін тұлғасыздар. Сондықтан да, бұл сыйлыққа құрмет ретінде ғана қарамай, үлкен жауапкершілік ретінде қарауларыңызды сұраймын,- деді Абаев.

ARAM1679.jpg
Сонымен қатар, "Қоғамдық қызмет" аталымы бойынша Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы, Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы марапатталды.
Өзгелердің жаңалығы