Бас жаңалықтар
Абаев БАҚ-ты аккредитациялау ережелері жайлы: Журналистер пікірі ескерілуі тиіс
20 Ақпан 2019, 12:29 600

Абаев БАҚ-ты аккредитациялау ережелері жайлы: Журналистер пікірі ескерілуі тиіс

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осындай тапсырма берді.


«Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредитациялау ережелері жобасына» жеке тоқталғым келіп отыр. Вице-министр Нұргүл Мауберлиноваға жобаны талқылауды ұйымдастыруды, журналистердің ұсыныстары мен ескертулерін жинақтауды тапсырамын. Бұл ережелер консенсус нәтижесінде ғана қабылдануы керек. БАҚ пікірі де ескерілуі тиіс», - деді Дәурен Абаев.

Атап өтсек, жуырда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынған болатын. Журналистер қауымы бұл өзгерістермен келіспей, наразылығын білдірген еді.

Бұған дейін министр Дәурен Абаев «әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизия құралдары тегін берілді» деген болатын. Сондай-ақ, «шалғайдағылар радио арқылы өзге елдің емес, Қазақстанның әнұранын тыңдауы тиіс» деген еді.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық