Абақтыда жатқан баласына телефон бермек болған әйел ұсталды

26 Ақпан 2019, 18:33
2031
Бөлісу:
Абақтыда жатқан баласына телефон бермек болған әйел ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы ЛА-155/18 тергеу изоляторының қабылдау-тапсыру бөлмесінде абақтыда жатқан баласына жасырын түрде ұялы телефон бермекші болған әйел ұсталды.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның азық-түлік салып әкелген сөмкесінен сим-картасы жоқ «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

«6 жылға сотталған баласына сәлемдеме әкелген анаға бас бостандығынан айыру орнына, әкелуге болмайтын тыйым салынған заттар туралы алдын ала ескертілген болатын», - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді. Аталған бапта Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселерді жеке тексеруден жасырып беруге әрекеттену 10 айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде айыппұл салуға, сонымен қатар әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не 30 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатыны атап көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы