Ақылға сыймайтын нәрсе: Депутат өзекті мәселені көтерді

7 Тамыз 2020, 16:57
4423
Бөлісу:
Ақылға сыймайтын нәрсе: Депутат өзекті мәселені көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күн бойы Қазалы, Арал аудандарындағы отыздан аса елді мекенде  әлеуметтік нысандарда болып, ондағы қарапайым жұмыскерлердің хал-жағдайымен таныстым. Мемлекеттік бағдарлама арқылы екі ауданға 6 млрд-тан астам қаржы бөлінген екен. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Бұл қаржылар жолдарды, мектептер мен балабақшаларды жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға жұмсалып жатқанын көзбен көрдім. Бөлінген ақшаның тиімді , құрылыс жұмыстарының сапалы салынуына тиісті органдар үнемі қадағалап отыруы керек екендігін айттым. Бағдарлама аясында төрт жүзге жуық адам жұмыспен қамтылыпты. Аралдағы ауруханадағы дәрігерлермен кездестім, - деді Мұрат Бақтиярұлы.
Депутат індет төмен түсе бастағанын айтты.
Дәрі дәрмек жеткілікті. Ауданда компьютерлік томогафия мүлдем жоқ. Оған түсу үшін көрші Қазалы ауданына не Қызылорда қаласына барады екен. Ақылға сыймайтын нәрсе. Арал тұз компаниясының жұмысымен де таныстым. Жылына 500 мың тонна тұз өндіретін зауытта 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған екен. Тұз өндіру ауыр жұмыс. Жұмысшылардың орташа айлығы 70 мың теңге ғана. Басшылыққа айлықты көтеру керек туралы ұсыныс айттық. Монополист компания ғой мүдделі емес сияқты. Ең үлкен проблема Сырдария суының теңізге құйылмауына байланысты Елбасының пәрменімен салынған кіші Арал теңізінің жағалаудан 150-200 метр алшақтап кетуі мен көлдер жүйесінің тартылып қалуы - өңір үшін орны толмас қасіретке айналама деген қауіп. Үкімет тез арада көрші трансшекаралық елдермен тиімді келісім жасаудың барлық жолдарын қарастыру керек деп есептеймін. Бұл мәселе Парламент қабырғасында көтірілетін болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы