Ақтоғайда амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтті

30 Шілде 2020, 23:40
1622
Бөлісу:
Ақтоғайда амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның қасбеті мен шатырының күрделі жөндеуі аяқталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жөндеу жұмыстарына "Ауыл - ел бесігі" жобасы мен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қаражат бөлінген.

Жөндеу барысында ғимараттың қасбеті қалпына келтіріліп, нығайтылды, шатыр жұмыстары да жүргізілді. Сонымен қатар, 16 көше шамдары қайта қалпына келтіріліп, жаңа қоршау пайда болды.

Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге 15 адам жұмылдырылды. Олардың бесеуі аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.

Сондай-ақ, амбулаторияда ішкі әрлеу жұмыстары да өтеді.
Өзгелердің жаңалығы