Ақтауда жасөспірім 9-қабаттан құлап кетті

15 Қазан 2019, 13:20
1738
Бөлісу:
Ақтауда жасөспірім 9-қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 15 қазан күні шамамен сағат таңғы бесте болған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.

"Сағат 05:04-те 103 нөміріне 6 шағынаудан 37 үй мекенжайы бойынша шақыру келіп түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан. Алдын ала болжам бойынша бала 9-қабаттан құлап түскен", - деді денсаулық сақтау басқармасында. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде іс сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай реестрінде тіркелгенін айтты. 

"15 қазан күні кезекші бөлімге қоңырау шалды. Оқиға орнына криминалды полиция мен тергеу тобы барды. Баланың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде. 

Қаза тапқан жасөспірім 9-сыныпта оқыған екен.

Өзгелердің жаңалығы