Ақтауда жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

26 Наурыз 2020, 21:22
1170
Бөлісу:
Ақтауда жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде. Ақтауда халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады.

Маңғыстау облысы әкімдігі бүгіннен бастап Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастағанын хабарлаймыз, - делінген әкімдіктің ақпаратында.
Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады. 

Бүгін алғашқы жұмыстар үш жерде атап айтқанда, "Ынтымақ алаңы" көлемі 21 120 шаршы метр, "Жеңіс сквері" көлемі 20 370 шаршы метр және Теңіз жағалауы дезинфекциялаудан басталады. Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі. 

Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен "Рубеж" дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.
Өзгелердің жаңалығы