Ақтауда «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті

8 Сәуір 2019, 09:15
2420
Бөлісу:
Ақтауда «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті.

Шараға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қызметкерлері, депутаттар, білім басқармасының мамандары , демеушілер, меценаттар, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты –  денсаулығы төмен балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп, қоғамның назарын аудару.

Сондай-ақ, шара барысында жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу назардан тыс қалған жоқ. Арнайы балалақша тәрибеленушілерінің алдында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмысар бөлімінің меңгерушісі Динара Қаймолдина, елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен бірқатар жобалар жүзеге асып жатқандығын, соның бірі – «Кедергісіз келешек» әлеуметтік жобасы екендігін айтты. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетілетінін алға тартты. 

«Әрбір адам жақсылық жасауға ұмтылса деген тілегіміз бар. Осындай балаларға әрдайым қамқорлық жасалса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сонда ғана олар кез-келген ортада өздерін еркін сезінеді, алға жылжуға деген ұмтылысы болады. Айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп екендігін ұмытпағанымыз абзал, олар қоғамның толыққанды мүшелеры болып табылады», - деді ол.

Шара соңында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шамшагүл Раисова, "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымына алғысы шексіз екендігін жеткізді. Сондай-ақ, бұл күні «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің өкілі 9 бүлдіршінге "Жарқыра" көз қорғау кабинетінен тегін ем алуға сертификат табыстады. 


 

Өзгелердің жаңалығы