Ақтаудағы орталық аурухана көпбейінді провизорлық стационарға айналды

8 Шілде 2020, 00:34
1430
Бөлісу:
Ақтаудағы орталық аурухана көпбейінді провизорлық стационарға айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы орталық аурухана ғимараты бұдан былай көпбейінді провизорлық стационар болып саналады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл аймақта вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік жедел штабтың шешімі. Енді облыстық ауруханада "Ковидтік пневмония" диагнозымен түскен сырқаттар ғана емделеді. Оларға тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қарамастан медициналық көмек көрсетіледі. Ал бұрыннан емделушілер мен басқа да ауруларға шалдыққандар қаладағы медициналық орталықтарға орналастырылды. Шалғай аймақтарда эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз. 1590 адам COVID-19 жұқтырып, оның 458-і жазылып шықты. 8 науқас қайтыс болды. Тағы бір мыңнан астам тұрғын өкпе қабынуымен ауырып жатыр.

Вирустық пневмония, тұмау облысымызда өршіп тұр. Халықтың ауруханаларға түсу саны көбеюде. Күніге облыс бойынша 200, одан да көп адам ауруханаға түседі. Оның ішінде Жаңаөзен, Бейнеу бар. Мұнайлы халқынан ауруханада орын тауып беру мақсатында қабылданған шешім, Маңғыстау облыстық аурухана базасын түгелімен провизорлық стационарға ауыстыру. Қалған науқастарды ДТП, травма, нейрохирургия, инсультпен ауыратындарды басқа клиникаларға ауыстырдық, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.


Өзгелердің жаңалығы