Бас жаңалықтар
Ақтауда пойызбен КамАЗ соқтығысып қалды
VIDEO
10 Сәуiр 2020, 13:09 383

Ақтауда пойызбен КамАЗ соқтығысып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Ақтауда тауар пойызы мен КамАЗ көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Аталған өңірдің ПД-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметте көлік соқтығысынан ешкімнің зардап шекпегені айтылады.
Бұл жағдай бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы). Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі,-делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Айта кетсек, 2019 жылғы 15 қыркүйекте Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз жолаушылар автобусын соғып бір адам қаза тапқан еді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...