Ақтауда мереке күні екі адам отшашудан зардап шеккен

1 Қаңтар 2019, 16:41
4225
Бөлісу:
Ақтауда мереке күні екі адам отшашудан зардап шеккен

Алматы, baq.kz. 31 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық емханасына 69 адам медициналық көмекпен жүгінді. Оның ішінде екі адам жарылғыш отшашудан жарақат алған. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев хабарлады.

Жарылғыштан жарақат алған екі адамға медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Маңғыстау облыстық емханасының жарақат бөліміне барлығы 53 адам көмекпен жүгініпті.

«Маңғыстау облыстық емханасына тәулік ішінде 69 адам көмекпен жүгінген. Оның 16-сы сары, жасыл және қызыл аймаққа түскен, яғни медициналық жәрдем жедел қажет болғандар. 11 адам емханаға жатқызылды», -дейді Азамат Сәрсенбаев.

Еске салсақ, облыстық емханада науқастарды ауру деңгейіне қарай жіктейтін триаж-жүйесі іске қосылған. 60 минут ішінде көмек алатын науқастар жасыл аймаққа жіберіледі. Ал сары аймаққа жедел жәрдемді қажет ететіндер жіберіледі. Қызыл аймақ өте ауыр жағдайдағы науқастарға есептелген.
Өзгелердің жаңалығы