Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

31 Қаңтар 2019, 10:13
2631
Бөлісу:
Ақтауда мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Астана, BAQ.KZ. Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет», «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру мақсатында «Ақтау» ойын-сауық кешенінде, ал түстен кейін «Мағаш» базарында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтау қаласындағы орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері, облыстық мемлекеттік кірістер, әділет, полиция, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, өнеркәсіптік қауіпсіздігі комитетінің өңірлік департаменттерінің мамандары тұрғындармен тілдесті.

Сонымен қатар ХҚКО, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Ақтау қалалық № 1 және 2 емханалары, облыстық психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы күрес диспансерлері, Ақтау және Баутино порттарының мамандары халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.

Барлығы 50-ден астам мамандар жұмыс атқарып, келушілерге кеңес берілді және электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 1000-нан астам брошюралар таратылып, электрондық қызмет алу мен мобильдік қосымшалар туралы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Тұрғындардың цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруды көздеген шара аясында, келушілер толыққанды мағлұматтар алып, көтеріңкі көңіл күйде екендіктерін жасырмады. Іс-шара соңында қала тұрғындарына жадынамалар таратылып, қойылған сауалдарына жауаптар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастамашы болып отырған мұндай мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, алдағы уақытта барлық ауданда өткізу жоспарда бар.

Өзгелердің жаңалығы